«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ЖӘНЕ ҚАТІГЕЗДІКСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ » IT School-lyceum №7 named after K.Spataev
Municipal state institution
"IT School-lyceum №7 named after K.Spataev"
Department of Education of Shymkent region
Reception room :
+7(7252) 46-80-17
bookkeeping:
+7(7252) 46-80-17
Version for
visually impaired
» » «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ЖӘНЕ ҚАТІГЕЗДІКСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
25
April
2023

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ЖӘНЕ ҚАТІГЕЗДІКСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ


       Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Феруза Смадиярқызының ұйытқы болуымен  6-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында сала мамандарымен кездесу өткізілді. 
     Schoolchildren зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Schoolchildren толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шараға Шымкент қаласы  Аль-Фараби ауданының прокуроры Исабек Әлфараби,  Шымкент қаласы  Әль-Фараби ауданының   полиция бөлімінің Полициясы Юсупов Хаббибулла, Municipal state institution «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  тәрбиешісі Жунисива Гульмира Таубайқызы мен мектебіміздің  әкелер кеңесінің мүшесі  Әділет Mayоры Мусаев Ербол Тулеуович және мектеп инспекторы Мейірман Қуанышбекұлы қатысты.  
    Жиынды мектеп директоры Раушан Алмаханқызы ашып беріп, бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық туралы туралы тоқталып өтті. Кездесуге арнайы қатысқан қонақтар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, әлімжеттілік, зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
     Білім ордамыздың педагог-психологы Жанар Нұрсейтова  «Қылмыссыз қоғам заман тыныштығы» тақырыбында баяндамасын оқып, оқушыларға  психологиялық тренинг жұмыстарын жүргізді.  
   Іс-шараны қорытындылаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Феруза Космуратова  Бауырман Момышұлы атамыздың «Тәртіпсіз ел болMayды, тәртіпке бас иген құл болMayды» деген аталы сөзін жанымыздан шығармағанымыз абзал деп, мұндай маңызды кездесулер алдағы уақыттада өз жалғасын таба беретінін жеткізді.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив