ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ » IT School-lyceum №7 named after K.Spataev
Municipal state institution
"IT School-lyceum №7 named after K.Spataev"
Department of Education of Shymkent region
Reception room :
+7(7252) 46-80-17
bookkeeping:
+7(7252) 46-80-17
Version for
visually impaired
» » ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ
28
февраль
2022

ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ





      IT School-lyceum №7 named after K.Spataevнің директоры Раушан Алмаханқызының  бастамасымен  құралған “Жаңашыл мұғалім-жаңа бастамалар” атты шығармашылық топтың жұмыс жоспарына сәйкес “Құқықтық сана-қоғамға пана” жоба аясында оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында “Жасөспірім және заң” тақырыбында заң өкілдері мен әкелердің және 7 сыныптың ұл балаларының арасында еркін форматта кездесу өтті. Ұл балалардың құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында өткізілген іс-шараға Municipal state institution “Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы” Department of Education of Shymkent regionнен әлеуметтік педагог Онгарбаева Сәуле Полатовна, Әл-Фараби ауданының прокуратура бөлімінен Утенов Бахытжан, Мектепішілік әкелер кеңесінің төрағасы Каюпов Серік Міркаримович,Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ УПИ полиция Mayоры Токсамбаев Қанат Талғатұлы қатысты. ДТІЖО Феруза Смадиярқызы ұл тәрбиесінің қоғамдағы өзекті мәселе екенін алға тарта отырып, кездесудің маңыздылығына тоқталды. 7 сыныптың ұл балалары арасындағы мәселелерге заң тұрғысынан сұрақ-жауап, түсіндірме жүргізілді. “Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу басты міндет” тақырыбында 7 «Ғ»сынып жетекшісі Мұхтар Ақтілек баяндама оқыды. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын-алу бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив