ЕҢ ҮЗДІК ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ БАҚ СЫНАДЫ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕҢ ҮЗДІК ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ БАҚ СЫНАДЫ
09
октябрь
2023

ЕҢ ҮЗДІК ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ БАҚ СЫНАДЫ

   Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде көркем еңбек, кәсіптік және бизнес негіздері және музыка әдістемелік бірлестігінің «Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» атты апталығыны қорытындысы бойынша 8 сынып оқушыларының арасында «Ең үздік  қолөнер шебері- 2023» атты сайысы өткізілді. 
    Көркем еңбек сабағынан үйренген, алған білімдерін көпшілікке көрсету; оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; эстетикалық талғамға, шеберлікке, өнерге тірбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа  7 оқушы қатысып, бақтарын сынады. 
     Төрт кезеңнен тұрған сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені  8 «Б» сынып оқушысы  Қарабай Кәусар, жүлделі І орынды  8 «А» сынып оқушысы Садуахас Алина, ІІ орынды 8 «В» сынып оқушысы  Асабаева Сезім, ал жүлделі үшінші орынды  8 «Д» сынып оқушысы Нұрланова Мерей иеленді. 8 «Г» сынып оқушысы Аманқұл  Балнұр, 8 «Ғ» сынып оқушысы Абдрахманова Лэйла, 8 «Ә» сынып оқушысы Досбол Айжандар арнайы номинациялармен марапатталды. 
     Ұлттық құндылықтарымызды  дәріптеп, оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған сайыстың жоғары дәрежеде өтуіне көркем  еңбек, кәсіптік және бизнес негіздері және музыка  әдістеме бірлестігінің жетекшісі Гүлжаһан Мырзатайқызы бастаған  аталған бірлестіктің мұғалімдері атсалысты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив