""ҰБТ - 2024" ЖАҢАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ""ҰБТ - 2024" ЖАҢАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ
20
апрель
2024

""ҰБТ - 2024" ЖАҢАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ


Қ.Сыпатаев атындағы  №7 ІТ мектеп-лицейінде қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыр, «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлерге қойылатын талаптар. «ҰБТ-2024 жаңалықтары» бойынша 11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. 
       Мектеп директоры Раушан Алмаханқызы 11-сынып оқушыларымен жиналысты ашып, күн тәртібіндегі  Жиналыста директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Майра Сүлеймен сөз алып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тоқталды.  
«Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 304 бұйрығына сәйкес Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін.   9 -сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында; 11-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 мамырдан бастап 11 маусым аралығында болатынын жеткізіп,  11-сыныптар бойынша 3 – тоқсан қорытындысының біліп сапасына тоқталды. 
         Мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізуге сәйкес  2023-2024 оқу жылында  11-сыынып 143 білім алушы қорытынды аттестаттауының емтихандарын  тапсырады. «Алтын белгі» -ге үміткер оқушылардың білім сапасын анықтау барысында «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен емтиханды «5» бағаға бағаланады.  «Алтын белгіге» үміткер Исмаилова Жібек Жәнібекқызы 11 «а» сынып оқушысы. 
Жалпы орта білімі туралы үздік аттестат»-қа үміткер 10 оқушы; Мырзақұл Балжан Досымғалиқызы 11 «а» сынып оқушысы, Сейітбек Айгерім Мұратқызы 11 «а» сынып оқушысы, Керімбай Айсүйер Серікбайқызы 11 «а» сынып оқушысы, Насрадин Дильназ Сабитқызы 11 «б» сынып оқушысы, Асқарқызы Сабина 11 «б» сынып оқушысы, Умирбаев Манат Маратқызы 11 «б» сынып оқушысы, Нұрділдә Нұрасыл Нұрболұлы 11 «в» сынып оқушысы, Кебекбаева Мариям Ержанқызы 11 «в» сынып оқушысы, Мухамедали Аружан Қуанышқызы 11 «ғ» сынып оқушысы, Әзімхан Мерей Ержанқызы 11 «ғ» сынып оқушысына беріледі. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив