БІШКЕК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІШКЕК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
16
апрель
2024

БІШКЕК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ


    2024 жылдың 12 сәуірінде Қырғыз Республикасының Халықаралық университеті мен «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдау қоры» қоғамдық қоры  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетімен бірлесе отырып, халықаралық ғылыми-танымдық іс-шараны сәтті өткізді. 5-11 сынып оқушылары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында   «Қазақстан – Қырғызстан: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми-практикалық  конференциясына  Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Бішкек қалаларынан  40-тан астам қатысушы жиналды.       
      Аталған конференцияға Қ.Сыпатаев  атындағы  №7 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары да қатысып, жүлделі орындарды иеленіп қайтты. Атап айтқанда  Әшірхан Аяна жүлделі ІІ орынды иеленсе, марапатталса, жүлделі ІІІ орынды  Есенбай Шұғыла мен Убайдулла Камшат иеленді. 
      Білім  бәсекесінде биіктен көрінген шәкірттерімізді   шын жүректен құттықтай отырып,  алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіздің биік болуына тілектеспіз! 
      Оқушыларды  ғылыми жұмыстарға баулып, еңбек етіп жүрген жетекшілері  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тазабекова Гүлмира Балабекқызына шығармашылық табыстар тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив