ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
22
март
2022

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 
    


    Құрметті Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің  ұлағатты ұстаздары мен ардақты ата-аналары, қымбатты шәкірттер, қадірлі қауым! 
      Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
         Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.  Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Барыс  жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт пен  береке салтанат құрсын! 
      Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.   Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы күн!  Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
    104 жылға жуық тарихы бар киелі шаңырақтың  білім белесіндегі бағындарған жетістіктері аз емес.   Шәкірттеріміз білім, ғылым, өнер мен спорт саласында түрлі байқаулар мен жарыстарда мектебіміздің мерейін үстем етіп келеді.  Бұл біздің ұстаздарымыздың жемісі. Мәрбелі мұғалімдеріміздің  жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие берудегі ерен еңбектеріне айрықша алғыс білдіргім келеді.  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында  ізгі ниет тілегімді білдіре отырып, шежірелі қара шаңырағымыздың абыройы аспандап, беделі биіктей берсін дегім келеді. 
    Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алып, Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!  Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен бақыт әкелсін! 
    Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барсақ жол болсын! 
          Кең болсын қазағымның керегесі,
         Кетпесін Алла берген берекесі,
         Алаштың баласына нәсіп болған, 
        Құтты болсын әз- НАУРЫЗ мерекесі
Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!
🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
   Сіздерге деген құрметпен Қ. Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің директоры Раушан Алмаханқызы.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив