01
март
2022
МЕКТЕП ТЕАТРЫ ЖОБАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Елдің ертеңі - кемел блім мен ана тілінде» атты апталығы шеңберінде Мектеп театры жобасын жүзеге асыру мақсатында «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»-атты 7 –сынып оқушыларының қатысуымен сахналық көрініс көрсетуден жарыс ұйымдастырылды.
«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» тақырыбында өтілген мектеп театры жобасының аясында эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтап, оқушыларға қазақ тарихының төрінен орын алған, қаншама ғасыр өтсе де, өскелең ұрпаққа өшпес із, өнегелі сөз қалдырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөздерін кеңінен насихаттау болды. Оқушылардың өнерге деген құштарлығын арттыру, актерлік өнерді жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Сонымен қатар театр өмірімен танысып, ол туралы ой-пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру, әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру және жас буынның тарихи танымдарын, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік көзқарастарын қалыптастыру. Актерлік өнерді жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Жоба аясында «Әділ төрелік», «Төле мен Қазыбектің төрелігі», «Төле бидің Бота дауын шешуі», «Қазыбек бидің жауабы», «Қазыбек бидің жауабы» , «Қонақ неше түрлі болады?», «Он түрлі жұмбақтың шешімі...» атты көріністерді 7-сынып оқушылары шебер сомдап, мың бұралған би, күмбірлеген күйлерін орындап, өз өнерлерін паш етті.