01
март
2022
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӘСЕРЛІ ӨТТІ 🌹🌹🌹
Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде жас мұғалімдерден құрылған "Жаңашыл ұстаз-жаңа бастамалар" атты шығармашылық топтың жұмыс жоспарына сәйкес "Алғыс айту парызым"- деп аталатын мерекелік кеші ұйымдастырылды.
Мерекелік кешті мектеп директоры Раушан Алмаханқызы ашып, барша ұстаздармен оқушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекенің біздер үшін маңыздылығына тоқталып, жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруде еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымына ризашылығын білдірді.
Бұл іс-шараға Шымкент қаласы Абай ауданы Қазғұрт шағын ауданың ардагерлер жанын құрылған «Асыл әжелер» тобының әжелері қатысып, мерекелік құттықтауларын жеткізіп, әуезді әндерін тарту етті.
Ұстаздар мен оқушылар арасында ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған кешке жиналған көпшілік ерекше әсер алып тарқасты.