28
февраль
2022
ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ
Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінің директоры Раушан Алмаханқызының бастамасымен құралған “Жаңашыл мұғалім-жаңа бастамалар” атты шығармашылық топтың жұмыс жоспарына сәйкес “Құқықтық сана-қоғамға пана” жоба аясында оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында “Жасөспірім және заң” тақырыбында заң өкілдері мен әкелердің және 7 сыныптың ұл балаларының арасында еркін форматта кездесу өтті. Ұл балалардың құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында өткізілген іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасының “Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінен әлеуметтік педагог Онгарбаева Сәуле Полатовна, Әл-Фараби ауданының прокуратура бөлімінен Утенов Бахытжан, Мектепішілік әкелер кеңесінің төрағасы Каюпов Серік Міркаримович,Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ УПИ полиция майоры Токсамбаев Қанат Талғатұлы қатысты. ДТІЖО Феруза Смадиярқызы ұл тәрбиесінің қоғамдағы өзекті мәселе екенін алға тарта отырып, кездесудің маңыздылығына тоқталды. 7 сыныптың ұл балалары арасындағы мәселелерге заң тұрғысынан сұрақ-жауап, түсіндірме жүргізілді. “Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу басты міндет” тақырыбында 7 «Ғ»сынып жетекшісі Мұхтар Ақтілек баяндама оқыды. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын-алу бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.