14
февраль
2022
БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!
МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН









Білім басқармасының әдістемелік орталығы мен Ауған соғысы мүгедектер қоры қоғамдық бірлестігінің бірлескен ереже жоспарына сәйкес, "МӘҢГІЛІК ЕЛ" идеясы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай, "Біртұтас ұлт—біртұтас әскер" бағдарламасы аясында Ауғанстан жерінде қаза болған жауынгерлерді еске алу мақсатында "Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын" тақырыбында қалалық ақтық (финал) әскери-патриоттық, спорттық сайысы өз мәресіне жетті. Қалалық ақтық сайысқа Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің "Жас Қыран" патриоттық клубы жүлделі ІІІ-орынды иеленді. АӘД пәнінің мұғалімі Досжан Сержан ағай жетекшілік ететін патриоттық клубтың құрамында Әмзеұлы Нұрсұлтан, Нұрболұлы Арман, Сапарбек Диас, Нарымбай Бақытгүл, Елікбай Ажар, Шарипова Жібектер бар.
ҚР патриотты жастар қатарын көбейту, Отан алдында адал қызмет ету, республикалық әскери-патриоттық сайыстарда бас жүлдені жеңіп алу мақсатында өткен қалалық ақтық сайыста жеңіс тұғырынан көрінген шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!