ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА БАҒЫТ БЕРУШІ ҰСТАЗ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА БАҒЫТ БЕРУШІ ҰСТАЗ
29
апрель
2022

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА БАҒЫТ БЕРУШІ ҰСТАЗ

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА БАҒЫТ БЕРУШІ ҰСТАЗ
Пернегүл Керимова  17 жылдан бері Шымкент қаласындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде  тарих  пәнінің  мұғалімі  болып қызмет етеді. Бүгінде ол педагог-зерттеуші, гуманитарлық ғылымының магистрі. 
Білікті маман аталған білім мекемесінде директордың ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары лауазымын абыроймен атқарып келеді. 
Пернегүл  Жақсылыққызы  өзінің жаңашылдығы және ізденімпаздығымен ұжым алдында зор құрметке ие. Әріптестері заман талабына сай, ақпараттық-коммуникациялық технологияны жетік меңгерген, беделді  көшбасшы деп біледі. 
Қазіргі таңда ұстаздың авторлық бағдарламалары әдістемелік құрал ретінде жас мамандар кеңінен қолданып отыр. 
Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие  беру жолында 
ұстаздың, шәкірттерінің де  қол жеткізген жетістіктері жетерлік.
2020 жылы бітірген  шәкірттері  2-і «Алтын белгі»,
3-і «Үздік аттестатқа» ие болды.  Ал, 2021 жылы оқушылары А. Қыдырбай, Д.Жақыпова, Е.Қуанышбек. Ә.Рахматулла «Елбасы Медалі» жобасына қатысып, «Қола медальді» иемденді.
Ұлағатты ұстаз өзінің еңбек жолында оқушыларды ғылыми жобаларға бағыттауды белсенді түрде жүргізеді. М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттер арасында ұйымдастырған  ғылыми-практикалық конференциясында шәкірті Бәкіртай Рамазан «Жалпы тарих» секциясы  бойынша І орыннан көрінді.
Ұстаздың өзі 2016 жылы «Қазақ Елінің үздік ұстазы» төсбелгісі және шәкірттерін ғылыми жобаға баулығаны үшін «Дарын» орталығының Алғас хатымен марапатталған. 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив