14
апрель
2022
"ЖҰЛДЫЗҒА ЖОЛ" ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
"ЖҰЛДЫЗҒА ЖОЛ" ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ


Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде "Батырға тағзым" деп аталатын тәрбие апталағы аясында 4-сынып оқуылары арасында "Жұлдызға жол" атты балалар ән байқауы ұйымдастырылды. Ән айтуға қабілеті бар шәкірттерді тауып, оларға қолдау көрсетіп, өнерлерін шыңдау мақсатында өткізілген ән байқауын екі кезеңнен тұрып қатысушы үміткерлер патриоттық және еркін тақырыптағы әндерін орындады. Екі кезеңнен тұрған байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені 4 "Д" сынып оқушылары Сейтқасым Али мен Ғазиз Аяла еншілесе, жүлделі І орынды 4 "Е" сынып оқушысы Бескемпір Рахат, жүлделі ІІ орынмен 4 "А" сынып оқушысы Күнияз Көркем мен 4 "Ә" сынып оқушысы Жаңабай Нүрила мен Серік Дария жеңіп алса, ІІІ орынмен 4 "Е" сынып оқушысы Сүлеймен Айзере мен 4 "Ж" сынып оқушысы Талғат Аружан бөлісті. Ән байқауына қатысқан басқада оқушылар арнайы номинациялар және мақтау қағаздарымен марапатталды.