12
апрель
2022
БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН
БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН


Қ. Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қарсыбай Сыпатаевтың туғанына 104 жыл толуына арналған «Батырға тағзым» атты тәрбие апталығы және лицей күніне арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде «Құқықтық сана, қоғамға пана» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» - атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған дөңгелек үстелге 8 «Д», 9» «Ә», «Д» сынып оқушылары қатысып, тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Бала еңбегіне қарсы арнайы әзірленген бейнеролик оқушылар назарына ұсынылып, шәкірттер бейнероликтен алған әсерлері бойынша пікір алмасты. Мектебіміздің педагог-психологі Нұргүл Байсейтова «Үй және жер сілкінісі» деп аталатын тақырыпта психологиялық тренинг жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Феруза Смадиярқызы дөңгелек үстелді қорытындылады.