"ҚЫРАН" ҰЛДАР ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚЫРАН" ҰЛДАР ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
09
март
2022

"ҚЫРАН" ҰЛДАР ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


 

    Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде «Қыран» ұлдар» ұйымының кезекті жиналысы ұйымдастырылды. Аталған жиналыстың күн тәртібінде мына төмендегі мәселелер қаралды. 10-11 сынып оқушыларына  мектептің ішкі тәртіп ережесі бойынша түсіндірме жұмыстары;  Мектеп формасын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу;  Құқық бұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын-алу және кешкі уақыттарда ата-аналарынсыз немесе заңды өкілдерінсіз көшелерде (Ойынхана, кафе, түнгі клубтар)  жүрмеу;  «Ер азамат қандай болуы керек?» тақырыбында психологиялық тренинг.
     Жиналысты  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Серікқызы жиналысты ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында,оқушылардың сабаққа уақытылы қатысуын, кешкі сағат 22:00 бастап сыртқа шықпауы,ойын-сауық клубтарына және кафеге бармауы, жол ережесі, интернет желісінде түрлі  сайттарға кірмеуі және тіркелмеуі, интернет арқылы бөгде адамдармен сөйлеспеуі жайында   кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
    Мектеп инспекторы М.Елтаев «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында сөз қозғап, қазіргі таңда ұл балалар арасында орын алып жатқан оқыс оқиғаларға тоқталып кетті.Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың, қылмыстың, ерте жүктіліктің, зорлық зомбылықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың және нашақорлықтың, панасыз қалудың, алдын алуға арналған кешенді іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
       Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, «Қыран» ұлдар кеңесінің        төрағасы   Д.Сержан ұл балалардың  тәрбиесіне     баяндама оқыды. Ұл бала қоғамдық ортада өзін қалай ұстау  керектігі, үлкендерді қалай силау керек екені, ата-анаға және отбасына   қалай көмектесу керек екені жайлы айтып өтті.
      Мектебіміздің педагог-психологі Н.Байсейтова ұл балаларға үлкендерді силау туралы видеоролик көрсетіп, тренинг  өткізді. Оқушы ұл балаларға психологиялық ақыл- кеңесін айтып, кибербуллинг жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив