11
апрель
2022
МЕКТЕПІШІЛІК АШЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
МЕКТЕПІШІЛІК АШЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде 2022 жыл "Балалар жылына" орай 10 сынып оқушылары арасында "Ұшқыр ой алаңы" мектепішілік ашық дебат турнирі ұйымдастырылды. Мектебімізде құрылған "Шабыт" дебат клубының басшылығымен өткен дебат ойындарына оқушылардың қатысу деңгейі жоғары. Білім алушылардың мәдени ой өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, шешендік сөйлеу өнерін дамыту мақсатыында ұйымдастырылған мектеп ішілік дебат ойының нәтижесі бойынша 10 "А" сыныбының оқушылары Мейранбек Албина мен Келсінбек Ердәулет жүлделі І орынды иеленді. Мектеп қабырғасында дебаттық қозғалыстардың жұмысын жандандыру мақсатындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек!