13
апрель
2022
ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді. Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық ересек адамдар мен жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік.
Қ. Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде "Батырға тағзым" деп аталатын тәрбие апталығы аясында "Интернеттің пайдасы мен зияны" атты 7 "А" сыныбының жетекшісі Анар Исмайлова мен 7 "Б" сыныбының жетекшісі Қазына Қожабековалардың ұйытқы болуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар интернеттің пайдасы мен зияны жайлы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары туралы қызу пікіралмасу ешкімнің көңілін тыс қалдырмады. «Қауіпсіз интернет» тақырыптарында плакаттар жарысы, «Желідегі қарым-қатынас этикасы» атты оқушылардың сөйлеу мәдениетін жақсартатын буклеттер сайыстары, «Интернет менің өмірімде» атты шығармашылық жұмыстар бойынша оқушылар өз жұмыстарын қорғады.