25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕКТЕПІШІЛІК АШЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕКТЕПІШІЛІК АШЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ
14
октябрь
2022

25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕКТЕПІШІЛІК АШЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ





     Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде  Мектеп парламенті оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы «Мәдениет және дебаттық қозғалыс» фракция мүшелерінің ұйытқы болуымен   25 қазан ұлттық мереке Республика күні қарсаңында білім алушылардың жалпы мәдени ой өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың  шешендік сөйлеу өнері,, дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік  біліктерін дамыту мақсатында 10 сынып оқушылары арасында  "Мен өз елімнің патриотымын" атты  мектепішілік ашық дебат турнирі ұйымдастырылды.  Мектебімізде құрылған «Шабыт» дебат клубының жетекшісі, педагог-ұйымдастырушы әрі қосымша білім беру педагогы Қанат Нышанбайұлының бастамасымен өткізілген дебат турниріне 10 сынып оқушылары белсене қатысып,  бес қарар бойынша қызықты әрі тартысты ойын өткізді. 
      Мектепішілік ашық турнирін қорытындылаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Серікқызы білім ордамыздағы дебаттық клубтардың жұмысы жанданып келе жатқанын, оқушылардың дебатқа деген қызығушылығы ерекше екеніне тоқталып, 25 қазан Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған мектепішілік ашық дебат турнирінің жеңімпаздарын марапаттады.  
     Американдық парламенттік форматы бойынша өткен дебат ойынының қорытындысы бойынша жүлделі І орынды  10 «Ғ» сынып оқушылары Кенжебай Ильяс пен Умирбаева Манат жеңіп алып, ауыспалы кубокпен марапатталса, жүлделі ІІ орынмен 10 «В» сынып оқушылары Бейсенбек Дариға мен Бактибаева Салтанат  жеңіс тұғырынан көрінсе, жүлделі ІІІ орынмен 10 «Б» сынып оқушылары Қыдырбай Арай мен Жақыпова Дариға иеленіп, арнайы алғыс хатпен 10 «Д» сынып оқушылары Қаршыға Ақмаржан мен Жұмаділ Венера марапатталды.  Мектеп оқушылар арасындағы дебат ойындары алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив