МЕКТЕПІШІЛІК АШЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕПІШІЛІК АШЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
10
февраль
2023

МЕКТЕПІШІЛІК АШЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде Мектеп парламенті оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы дебаттық қозғалыс фракциясы оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адалдық – адамгершілік белгісі» атты 10 сынып оқушылары арасында мектепішілік ашық дебат турнирі ұйымдастырылды. 
 1)БП Қазақстан үшін басты қауіпті анықтайды
2БП ҰБТ-ны алып тастау қажет деп есептейді
3)БП 21ғасырдың ең қажетті мамандығын атайды
4)БП Бұрынғы форматты білім алу керек деп есептейді, қарарларды қамтыған дебат  турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 
       АПФ форматы бойынша  қызықты ойын көрсеткен мектепішілік дебат турнирінің қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды  10 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Сұңқар» фракциясы Сәрсен Заңғар мен Айтжан Көркем, және 10 «В» сынып оқушыларынан құрылған «Биавтив» фракциясы Бейсенбек Дариға, Бактибаева Салтанат, жүлделі ІІ ооынды 10 «Ғ» сынып оқушысы Кенжебай Ильяс пен Амангелді Алмас иеленсе, жүлделі І орынды 10 «Ғ» сынып оқушыларынан құрылған «Алаш» фракциясы Умирбаева Манат пен Жаңабай Балнұрлар жеңімпаз атанды.  «Үздік ойыншы» номинациясымен 10 «Ғ» сынып оқушысы Кенжебай Ильяс марапатталды.  
     Білім алушылардың жалпы мәдени ой өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың  шешендік сөйлеу өнері мен дағдыларын қалыптастырып, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жұмыс жүргізетін білім ордамыздағы «Шабыт» дебат клубының жұмысы  өз деңгейінде жүзеге асып келеді.  10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған дебат турнирінің жоғары дәрежеде өтуіне педагог-ұйымдастырушы Канат Сарыбаев пен мектебіміздегі Мектеп парламенті оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президенті Есенбай Әділет пен ұйым мүшелері белсене атсалысты.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив