СЕРПІЛІС СЫЙЛАҒАН СЕМИНАР » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЕРПІЛІС СЫЙЛАҒАН СЕМИНАР
28
февраль
2023

СЕРПІЛІС СЫЙЛАҒАН СЕМИНАР


     Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының бастамасы  негізінде  2022- 2023   оқу жылында «Сапалы білім» жобасы аясында  білім алушылардың білім сапасын арттыруға арналған №9, 24, 80, 89 мектеп-лицейлермен бірлескен жұмыс жоспары шеңберінде  «Сапалы білім арқылы ұрпақ қалыптастыру: теория мен тәжірибе» - атты тақырыпта қалалық семинар ұйымдастырылды.  Семинарға қатысатын қонақтарды мектеп парламенті оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінен құрылған добырашылар  күй шашуларымен күтіп алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Келген қонақтардың назарына  оқушылар мен ұстаздардың қолынан шыққан  қолөнер бұйымдары көрмеге  қойылды. 
   Заманауи  тұлғаны қалыптастыруда теория  мен тәжірибені ұштастырудың маңыздылығын сапалы  білім беруде қолдану  және  педагогтердің    ең  озық тиімді  ізденістері мен  тәжірибелерін  ұсыну  мақсатында өткізілген семинарды мектеп директоры Раушан Алмаханқызы ашып, білім ордамызда өткізіліп жатқан семинарға сәттілік тіледі. Директордың ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Пернекүл Жақсылыққызы семинардың мақсат-міндеттерімен және семинар аясында өтетін іс-шараларға шолу жасап, ұйымдастырылып жатқан семинардың маңыздылығына тоқталды
                Жоспар аясында  «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша  9 «А» сыныбында  пән  мұғалімі Тұрсынбекова Салтанат апайымыз «Бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбында ашық сабақ өтсе, физика пәні бойынша 8 «Б» сыныбында пән мұғалімі Айгул Нурекешова «Тұрақты магниттер, магнит өрісі» тақырыбында ашық сабағын берді. Химия пәнінің мұғалімі Айжан Нурумбетходжаева кіріктірілген сабақ өтсе, мектебіміздің тренерлері Мариянна Ербакиева мен Жанар Кеулимжаевалардың ұйымдастыруымен «Білім саласын арттыруда әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында коучинг өткізілді. Мектебіміздің педагог-психологтары Жанар Нүрсейтова мен Гүлжанар Өмірбековалар  мұғалімдермен психологиялық тренингтер жүргізді.  Семинардың қорытындысында келген мұғалімдер кері байланыс жасап, семинардан алған әсерлерімен бөлісті. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив