ТІЛІМ МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2023

ТІЛІМ МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Қ.Сыпатаев  атындағы  №7 ІТ мектеп-лицейінде  Тілдер мерекесіне орай "Тілім - менің мақтанышым" айлық бағдарлама аясында  мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері "Өрлеу" БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы  бойынша КДИФ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің аға оқытушысы Жанысбек Ләззат Қасымқызымен бірлескен "Қиындық  туғызған салалар мен сұрақтарды талқылау" тақырыбында шебер-сынып өткізді. 
     Ләззат Қасымқызы  қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында  орын алып жүрген кемшін тұстарға  түсінік беріп, шешу жолдарын ұсынды. Талқылау барысында көптеген сұрақтарға кең көлемді жауап берілді. Мұғалімдерге  әдістемелік көмек көрсетіліп, ой-сананы жаңғыртты. Айлық барысында  үздік іс-шаралар өткізіп, жетістіктерге жете беруге тілекші болды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив