" IT START-UP 7" МАГИСТРЛЕРІНЕН ҚҰРЫЛҒАН ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " IT START-UP 7" МАГИСТРЛЕРІНЕН ҚҰРЫЛҒАН ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
16
октябрь
2023

" IT START-UP 7" МАГИСТРЛЕРІНЕН ҚҰРЫЛҒАН ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ


Қ. Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде  директордың ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары, магистр  Пернегүл Жақсылыққызының ұйымдастыруымен
 «ІТ start-up 7» магистрлерінен құрылған  қауымдастықтың  16.10 – 20.10.2023ж.  күндері  аралығында  жаратылыстану- математикалық бағыты бойынша «Ғылым  көкжиегіне -  3D форматта  виртуалды  саяхат»  атты  апталығының  ашылу салтанатты өткізілді. 
  Оқу үрдісіне бейімделу кезінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыру жолдарын, зерттеушілік тәсілдері мен зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға қолдау жасау мақсатында бастау алған қауымдастық апталығы аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. 
    Іс-шара барысында ғылымның биік белестерін бағындырған білім алушылар  өздерінің  ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жиынға  қатысушыларға  таныстырып өтті. 
    10 "Ә"  сынып оқушысы Амирова Мадина- “Қазақстанның флорасы мен фаунасы 3D атласы”, атты тақырыпта ғылыми жобасын қорғаса,  9 "А" сынып оқушысы  Жаңабай Әлхиар “Герон субұрқағының  үй жағдайында қолдануы
Абдрахманова Лейла  "QR код-екі өлшемді штрих код",   8 "Б" сынып оқушысы Расул Мадина Маратқызы “Ерітінділердің pH ортасын анықтау”, 7 "В"  сынып оқушысы Сатай Сабина 
«Күннің,  Айдын тұтылуын траектория бойынша түсіндіру», 8 "Д"  сынып оқушысы Нұрланова Мерей  “Ұлуды үй жағдайында өсірудің пайдасы” тақырыбында ғылыми жобаларын  сәтті қорғап шықты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив