22
сентябрь
2023
ШЕЖІРЕЛІ ШАҢЫРАҚТЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Қ. Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде Шымкент қаласы білім басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлескен жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес мектеп ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру бойынша семинар кеңесі өткізілді.
Мектеп директоры Раушан Алмаханқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында жүзеге асып жатқан жұмыстарға тоқталып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырды.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Жібек Аширова киелі шаңырақта сыбайлас жемқорлықтың ешқандай орын алмайтындығын, ұстаздарға қашанда өз ісіне адалдық танытуға шақырып, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес баянды болашақтың кепілі» атты құнды баяндасымен бөлісті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Серікқызы семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға оның ішінде білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында тікелей жұмыс жасайтын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына тоқталды.
Жиынды қорытындылаған мектеп директоры Раушан Алмаханқызы Жемқорлық бұл індет. Елімізде оның ішінде білім саласында сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамның мемлекетке деген сенімінен айыратын індетпен бірге күресуге шақырды.