"ҚЫРАН" ҰЛДАР ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚЫРАН" ҰЛДАР ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
10
апрель
2023

"ҚЫРАН" ҰЛДАР ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


     Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінде «Қыран» ұлдар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің,  зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұлдар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі  Роза Саукымбекова ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.  Ұл балдар арасындағы құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы Мейірман Қуанышбекұлы сөз алып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақтан себепсіз қалатын оқушыларға барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтау керек екенін  ескертті. 
      Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектеп, арнаулы оқу орындары мен басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадағалауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көргендері ерекше орын алады. Ал сабақтан тыс уақыттарда, каникул кездерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдастырылмауы, көшедегі келеңсіз оқиғалардың көптігі жасөспірімдердің қылмыс жасауына әкеп соқтыруы анық.
      Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Ұл балдардың тәрбие төңірегінде тұшымды ойлар айтып, мектептің ішкі тәрті ережелерін қатаң сақтау керек екенін түсіндірді. 
     ДТІЖО Роза Саукымбекова оқшуларға мектептің ішкі тәртіп ережесін қатаң түрде сақтап, сабақтан себепсіз қалмау, сабақтан кешікпей, мектепке суық қару (пышақ, жлектронды темекі т.б) заттар әкелмеу, әлімжеттіклік жасамау туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұлдар жиналысы тұрақты түрде өтіп отыратынын жеткізді. 
     Оқушыларға құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіру, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын ашық микрофон форматында еркін айтуға дағдыландыру мақсатында өткізілген жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Серікқызы қорытындылап мектепішілік тәртіп ережелерімен жоғары сынып оқушыларын таныстырып, оларды әрқашан тәртіпке негізделетін қоғамда заң мен тәртіпке құрметпен қарап, жасөспірімдер арасында орын алатын келеңсіз жағдайлардың алдын алуға шақырды. 
      11 сынып оқушыларына бітіруші түлек болғандықтан соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақша жинауға, қымбат көліктермен серуендеуге, табиғат аясына саяхатқа шығуға, кешкі мезгілдер де көңіл көтеретін орындарға баруға қатаң түрде тыйым салынатыны  ескертілді.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив