"АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
19
сентябрь
2023

"АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ



     Қ. Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде өскелең ұрпақтың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, шыншыл, адамгершілік, асыл қасиеттерінің болуына тәрбиелеу мақсатында оқушыларға адалдық пен академиялық адалдық мәселелерін насихаттау мақсатында жұмыс жүргізетін "Адал ұрпақ"  ерікті мектеп клубының  "Біз жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"-деп  аталатын алғашқы жиыны болып өтті.   Жиынды аталған клубтың жетекшісі Қанат Нышанбайұлы ашып,   дөңгелек үстелдің мақсат міндеттеріне тоқталып, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жаңа оқу жылындағы жұмыс жоспарымен таныстырды.   Іс-шара аясында оқушылар тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып,  пікір алмасты.  Қоғам дертіне айналған жемқорллықпен күрес,  оның алдын-алу жолдары жайында арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, білім алушылардың ұсыныс пікірлері тыңдалды. Мектеп парламенті оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президенті 11 «А» сынып оқушысы Есенбай Әділет Ұстазұлы   2023-2024 жаңа оқу жылында" Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының президентіне  8  "А"  сынып оқушысы Пердебаева Аружан Даулетқызының кандидатурасы ұсынып,  бір ауыздан қолдау тапты.  
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив