14
март
2022
АМАЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде таңдау, электив, үйірме пән бірлестіктерінің онкүндік іс-шаралар жоспары аясында 14 Наурыз Көрісу күні ауқымды көлемде аталып өтілді. Мектеп директоры Раушан Алмаханқызы барша ұстаздар мен оқушылар қауымын Наурыз мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Мерекелік іс-шара аясында қазақтың салт-дәстүрінен Тұсау кесер рәсімі ұйымдастырылып, ұмытылып бара жатқан дәстүрлеріміз қайта жаңғыртылып, өскелең ұрпаққа дәріптелді. Өнерлі шәкірттеріміз ән мен күйден тарту жасап, жиылған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Салтанатты шараның соңы ағаш егу эстефетасымен жалғасын тапты.