БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ! » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
февраль
2022

БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!




   Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына орай, 2022 жылғы 28 қаңтар күні «Әлем таныған Әуезов» атты қалалық байқауы онлайн форматта өтті. Байқауға барлық типтегі  білім беру ұйымдарынының  мектепішілік іріктеуден өткен,  6-8 сынып оқушылары қатысты.
Байқау 3 бағыт  бойынша:
         1 бағыт - Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына қатысты тест тапсырмаларын орындау.
         2 бағыт - М.Әуезовтың образын  «Менің көзіммен» атты сурет салу бағыты.
         3 бағыт - М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы бойынша кроссворд, сканворд құрастыру бағыты бойынша өткізілді.
        Байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 90 ға жуық  сұраныс түсіп, үш бағыт бойынша 255 оқушы қатысты. Сол оқушылардың ішінде біздің де 6-сынып оқушылары Жеңіс тұғырынан көріне алды.
1-бағыт бойынша 6 "Г" сынып оқушысы Нұрмахан Елназар І дәрежелі Диплом,  2-бағыт бойынша  6 "А" сынып оқушысы Әбіш  Жанель ІІ дәрежелі Диплом , 3-бағыт бойынша  6 "А" сынып оқушысы Бижан Дария ІІІ дәрежелі Диплом иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз! Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Бекбосынова Лайла Мутановна
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив