«МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ
Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мектеп директоры Раушан Алмаханқызы құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларға, мектеп табалдырығын енді аттаған 1 сынып оқушыларына сәттілік тіледі. Мектебіміздің түлегі, Республикалық, халықаралық ән байқауларының лауреаты Сапарбек Жақып «Рақмет саған туған» әнімен сахна шымылдығын түрді. Салтанатты жиынға М.Әуезов атындағы