ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫҚ
Құрметті Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің ұжымы! Сіздерді Оқу-ағарту министрлігінің атынан төл мерекеміз - Преподаватели күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл педагогтердің кәсіби мейрамы ресми түрде бекітіліп, Халықаралық мұғалімдер күніне сәйкес 5 қазанға белгіленді. Ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі мен ағартушылық қызметі әрқашанда құрметке ие. Ұстаз - мектептің жүрегі. Баланың бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға.