"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР" ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ
"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР" ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында "Абайлаңыз балалар" атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында өткізілген іс-шара аясында 1- 5 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.