ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
01
сентябрь
2022

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


     



    Құрметті ұстаздар! Қадірлі  ата-аналар мен оқушылар! 
Сіздерді  жарқын да қуанышты, айтулы мереке –  1 қыркүйек Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
     «Білім бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ әлде кімнің азығы» - деп Мұхтар Әуеозов ағамыз айтқандай,  1 қыркүйек білім күні мерекесі қарсаңында  мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған   шәкірттеріміздің қадамы құтты болсын дегім келеді.  Қаламыздағы киелі алтын шаңырақ Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің  беделі биік білім ордасы екені баршаға белгілі.  Тарихы терең, талай саңлақтарды үлкен өмірге қанат қақтырған  мектебіміз ІТ статусын иеленіп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп,   білім алушыларға қолайлы жағдай жасап, жаңа оқу жылына  толыққанды дайын отыр. 
    Шырайлы қаламыздағы тарихы тереңнен бастау алатын білім ордамыз өткен оқу жылын табысты  аяқтады деп зор сеніммен айта аламын! Шәкіттеріміз Республикалық пән олимпиадаларында топ жарса, спортшы жастарымыз биік белестерді бағындырып, өнерлі де талантты шәкірттеріміз небір өнер байқауларында топ жарды. «Елбасы медалы» бойынша 8 оқушымыз  иеленсе, үш бірдей шәкіртіміз Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Алтын сақа» Республикалық зияткерлік олимпиадасында Әріпбай Абылай, Тәліп Айсұлтан, секілді талантты шәкірттеріміз жүлделі орындарды иеленіп, мектебіміздің  мерейін асырып келді.  Ғылыми жобалар байқауы бойынша үш оқушымыз қалалық кезеңде жүлделі орындарға ие болса, пәндік олимпиадаларда 7 оқушымыз өздерінің білімдерін көрсетіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізді.  «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылып, пікір сайыс дебаттық ойындарда  оқушыларымыз Республикалық деңгейлерде ойын көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы  бойынша 139 түлегіміз  мектепті аяқтап, ҰБТ нәтижесінде шәкірттеріміз жоғары балл жинап, 61 оқушымыз мемлекеттік оқу гранттарын ұтып алды.  Бұл киелі шаңырақтың ұстаздарының ерен еңбектерінің нәтижелі жұмыстарының  жемісі  деп білемін! 
     Қымбатты ата-аналар, қадірлі ұстаздар, аяулы шәкірттер! Баршаңызды 2022-2023 жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтай отырып, алар асуымыз бен бағындырар белесіміздің көп болуына тілектеспін! Қашанда білім биігінен көрініп, шежірелі шаңырақтың абыройы асқақ, беделі биіктей берсін!  Жаңа оқу жылы құтты, берекелі болғай! 
  Құрметпен Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің директоры Раушан АЛМАХАНҚЫЗЫ.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив