24
февраль
2022
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз – деген Әл-Фараби бабамыздың қанатты сөзі талай жанған ой салары анық. Өйткені адам өміріндегі негізгі қадамның бірі – мамандық таңдау екені айтпаса да түсінікті. «Басқадан кем болмауы үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек! Білімді блу үшін оқу керек! Бай болу үшін кәсіп керек! Ал, күшті болуға бірлік керек» деген Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынов ағамыздың осы бір өсиетті сөзін ойдан шығармағанымыз абзал. Білім алушыларға болашақта мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау білуге, үлкен өмірдің алдында тұрған бітіруші түлектерімізге бағыт-бағдар беру мақсатында шежірелі қара шаңырақ Қарсыбай Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде «Сан математика – ғылымдарының іргетасы» - атты математика пән бірлестігінің апталығы аясында жоғарғы оқу орны М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің оқытушыларымен кездесу өтті. «Мамандығым – мақтанышым» деп аталатын кездесуге Нысанбаев Бахытжан Алекеевич, Алдияров Жумадилда Садикович, Қайықбаев Мейірбек Жұмабайұлы, Мизамов Нұрсұлтан Рыстайұлы сынды ұстаздар қауымы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда қателеспеу керектігі жайлы өз кеңестерін айтып, мамандық таңдаудың маңызды қадам екенін түсіндірді. Оқушылар өздерінің таңдап отырған мамандықтары жайлы және ол мамандықтардың қазіргі қоғамда қаншалықты сұранысқа ие екені жайлы сұрап құнды мағлұматтар алды. Жоғары оқу орындары ұстаздарының қатысуымен өткен кездесудің өз дәрежесінде өтуіне математика пәнінің мұғалімдері Жумалиев Исатай, Мәмет Бақытжан, Кидирбаева Ақбота сынды әріптестеріміз атсалысты.