15
февраль
2023
ЖАЙДАРЛЫ ЖҮЗДІ ЖАЙДАРМАННЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Шымкент қаласы білім басқармасы Қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен білім беру мекемелеріндегі мектеп парламенті арасында өткен "Жайдарлы жүзді жайдарман!" атты аудандық іріктеу кезеңінде Қарсыбай Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің Мектеп Парламенті оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымынан құрылған "Мамасының балдары" КВН командасы ұтымды әзілдерімен көпшіліктің көңілінен шығып, жүлделі І орынды иеленіп қайытты.
Әзілдің ескегін есіп, күбісін піскен мектебіміздегі "Мамасының балдары" КВН командасының команда капитаны Базарбек Нұрбақыт Нұржанұлы, Бақдәулет Сейділда, Шоинбек Мөлдір, Жәдігер Аманжалов, Әбдіжаппар Елдос, Төребек Аңсар, Сансызбай Ерасыл сынды жайдарманшы жасттарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Мектебіміздегі Мектеп парламенті оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі, педагог-ұйымдастырушы Канат Сарыбаевтың еңбегін ерекше атауға болады.
Біз шәкірттерімізді осынау жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қалалық кезеңде тек қана сәттілік пен жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдіреміз!



