КИЕЛІ ШАҢЫРАҚТА АЙТЫСКЕР АҚЫН НҰРЛАН ЕСЕНҚҰЛОВ ҚОНАҚТА БОЛДЫ » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КИЕЛІ ШАҢЫРАҚТА АЙТЫСКЕР АҚЫН НҰРЛАН ЕСЕНҚҰЛОВ ҚОНАҚТА БОЛДЫ
28
сентябрь
2023

КИЕЛІ ШАҢЫРАҚТА АЙТЫСКЕР АҚЫН НҰРЛАН ЕСЕНҚҰЛОВ ҚОНАҚТА БОЛДЫ



     Қ.Сыпатаев  атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде  «Төрт тоқсан  - төрт өнер»  ұлттық мәдени – ағартушылық жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру поэтикалық сайыс «Ақындар айтысы» жобасы шеңберінде елімізге белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловпен   кездесу  сыр-сұхбат кеші өткізілді.  Оқушыларға айтыс өнерін кең көлемде насихаттау мақсатында  өткізілген кеште ақын Нұрлан Келдібекұлы айтыс өнерінің қазақ халқы үшін алатын орны мен маңызы туралы, рухани құндылықтар мен ұлттық өнерімізді  өскелең ұрпаққа дәріптеу  бойынша әсерлі әңгімелерімен бөлісті. 
    Термеші Сәкен Жақайұлы көрерменге  тамаша терме тарту етіп, тәрбиелік мәні зор кездесудің өтуіне ұйытқы болып отырған мектеп ұжымына алғасын білдірді. 
Аталған кездесуді мектебіміздің педагог-ұйымдастырушысы Қанат Нышанбайұлы жүргізіп отырды. 
Кездесу аясында оқушылар ақынға айтыс өнері мен ақынның шығармашылығы  жайында сұрақтар қойып, пікір алмасты. 
    Айтыс өнерінің ақтаңгері атанып жүрген Нұрлан ағамыз кездесу соңында киелі шаңырақтың ұстаздары мен оқушыларына арнау өлеңін тарту етті. 
Кездесуді қорытындылаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Серікқызы  айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловқа арнайы уақыт бөліп келгені үшін алғысын білдіріп, ақынға шығармашылық шабыт тіледі.  «Ақындар айтысы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған кештен көпшілік ерекше әсер алып тарқасты. 
   Ақынмен кездесу кешінің жоғары дәрежеде өтуіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Саукымбекова мен Канат Сарыбаевтар атсалысты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив