16
январь
2024
"АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде оқушыларды адалдық пен адамгершілікке тәрбиелейтін "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының "Адалдық - адамгершілік белгісі" - атты тақырыпта дөңгелек үстелі өткізілді.
Білім алушыларды адалдық пен адамгершілікке, парасаттылыққа, сыблай жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген дөңгелек үстелге Мектеп парламенті оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушылары атсалысты.
Іс-шара барысында оқушылар тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.