"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ" » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"
11
сентябрь
2024

"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"



  Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейін "Аружан" қыздар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы ұйымдастырылды.  Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Серікқызы ашып, қыз балалардың тәрбиесі,  мектептің ішкі тәртіп ережесі, сонымен қатар қыз балаларының жеке  бас  гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу, отбасы құндылығы, ана мен қыз бала арасындағы қарым-қатынас жайлы тоқталып кетті. 
     Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Майра Садырәліқызы оқушыларға сабақтан кешікпей келу, мектеп формасын қатаң сақтау, оқу процесі кезінде ұялы телефондар қолданбау жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
     Қыз  баланың  тәрбиесі, суицид, әлімжеттік салдары, әлеуметтік жіктелуден туын¬дайтын шиеліністер, қыздар арасында өзара сыйластықты қалыптастыру жолдары туралы  мектебіміздің педагог-психологы  Нұргүл  Байсейтова тоқталып,  оқушыларға психологиялық тренингтер жүргізді. 
    Жиналыс соңында оқушылар сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. 

#Шымкент_қаласы_білім_басқармасы 
#Шымкент_тәрбие_әдістемелік_орталығы 
#Тәрбие_құндылық_бөлімі 
#Аружан_қыздар_ұйымы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив