КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ🌹🌹🌹 1- НАУРЫЗ "АЛҒЫС АЙТУ" КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! » Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 46-80-17
Есепші бөлімі:
+7(7252) 46-80-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ🌹🌹🌹 1- НАУРЫЗ "АЛҒЫС АЙТУ" КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
01
март
2022

КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ🌹🌹🌹 1- НАУРЫЗ "АЛҒЫС АЙТУ" КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!




   🇰🇿 Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті, Елбасы  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
🔰 Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив