04
апрель
2022
"МЕКТЕПТІҢ ГҮЛДЕНУІ-ҚАЛАНЫҢ ГҮЛДЕНУІ"
"МЕКТЕПТІҢ ГҮЛДЕНУІ-ҚАЛАНЫҢ ГҮЛДЕНУІ"
Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде тәрбиенің «Еңбек, экономика және экологиялық» бағыты бойынша мектепалды даярлық тобының ұстаздарының ұйытқы болуымен бастауыш сынып оқушылары мен 11 сынып бітіруші түлектердің қатысуымен ағаш егу эстефетасы ұйымдастырылды. «Экология, өлкетану және туризм» орталығының наурыз-қыркүйек айларына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында «Мектептің гүлденуі – қаланың гүлденгені» атты мектеп ауласына жеміс ағаштары отырғызылды. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар мен экологтар және табиғат зерттеушілерінің қалалық форумына баруды жоспарлап отыр.

