31
январь
2024
"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР" ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
"АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР" ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында "Абайлаңыз балалар" атты іс-шарасы ұйымдастырылды.
Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында өткізілген іс-шара аясында 1- 5 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп инспекторы Мейірман Қуанышбекұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
1-5 сынып оқушыларына жолда жүру ережесі кең көлемде түсіндіріліп, қыс ауасында жолдың қолайсыз болуына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтер кезде сақ болуы ескертілді.